• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 08:30

«Каспий» биржасында битум саудасы 23 мамырда басталады

50 рет
көрсетілді

«Каспий» тауар биржасы» АҚ БНД 70/100 маркалы мұнай жол битумының ұйымдастырылған биржалық саудасы басталғаны туралы хабарлайды. Алғашқы сауда 2025 жылдың 23 мамырында өтеді.

Сондай-ақ, сауда 2025 жылғы 26, 27, 28, 29 мамырда Астана қ.уақыты бойынша 09:00-ден 10:00-ге дейін өтеді. Сауда сессиясы қосарланған қарсы аукцион режимінде өтеді.

Битум — бұл жол құрылысында, аэродромдарда және гидрооқшаулау жұмыстарында кеңінен қолданылатын тұтқырлығы жоғары мұнай өнімі. БНД 100/130 маркасы температураның өзгеруіне және механикалық жүктемелерге жақсы төзімділігімен ерекшеленеді, бұл оны Қазақстанның жол саласында қолдану үшін оңтайлы етеді.

Саудаға қатысу үшін клирингтік орталыққа мәміленің болжамды сомасының 15% мөлшерінде кепілдік қамтамасыз етуді енгізу қажет. Сауда сессиясы барысында қалыптасатын мұнай өнімі бағасының ең жоғары деңгейі базалық бағаның 101 пайызынан аспауы тиіс.

Мұрат Қадисов, «Каспий» тауар биржасы» АҚ президенті:

«Битум — бұл елдің инфрақұрылымдық дамуы үшін стратегиялық материал. Биржалық сауда арқылы біз нарық қатысушыларына оны әділ бағамен, ашық ережелермен және делдалдарсыз сатып алуға мүмкіндік береміз. Біздің мақсатымыз — нарықты қалыптастыру ғана емес, оны құрылысшылардан бастап мемлекеттік тапсырыс берушілерге дейін барлығына тиімді ету».

«Каспий» тауар биржасы» АҚ – мұнай өнімдерін, көмірді және цементті қоса алғанда, тауарлардың кең спектрімен сауда жасауға маманданған Қазақстанның жетекші биржалық алаңы. «Каспий» тауар биржасы» АҚ Энергетикалық биржалардың еуропалық қауымдастығына (EUROPEX) қауымдастырылған мүше ретінде кіреді. S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінің ең жоғары ESG-бағасына ие.

БҰҰ Жаһандық шартының толыққанды қатысушысы болған ТМД аумағындағы алғашқы биржалық алаң саналады. Сондай-ақ, «Каспий» – KASE Қазақстан қор биржасының ресми листингіне енгізілген елдегі жалғыз тауар биржасы.

Соңғы жаңалықтар